Нұрлан Нығматулиннің ұлына қатысты тергеу тоқтатылды

Ulysmedia
Ашық дереккөзден

Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты қылмыстық іс уақытша тоқтатылды. Қаржы мониторингі агенттігі бұл фактіні растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, Нұржан Нұрлановтың әзірге куәгер мәртебесінде. Себебі халықаралық тергеу тапсырмасына жауап әлі алынған жоқ. 

- Ешқандай өзгеріс болған жоқ. Бұған дейін хабарланғандай, Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінде қылмыстық іс өндірісте бар. Ол іс халықаралық тергеу тапсырмасының жолдануына байланысты тоқтатылды. Жауап келген соң ғана оның статусын нақтылаймыз, – деді ол.

Іс халықаралық тергеу тапсырмасына байланысты қайта жандануы мүмкін.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Алматы қалалық полициясы Нұржан Нұрлановқа қатысты ҚР ҚК 389-бабы («Өзінше билік ету») бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған. ҚМА мәліметінше, іс рейдерлік әрекет дерегі бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінде қаралуда.

Авторы: Динара Жарқынбек