Досаевқа сұрақ қойғысы келген әйелді әкімдік қызметкерлері залдан сүйреп әкетті

Ulysmedia

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кездесуіндегі оқиға әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Бейнежазбадан қалабасына сауал қойғысы келген тұрғындарға әкімдік қызметкерлері тарапынан кедергі жасалып жатқаны аңғарылады. 

“Микрофонды неге жинап аласыңдар? Ерболат Досаев!” – деп айқайлайды содан соң бір топ кездесуге қатысушылар.

Біршама уақытқа созылған даудан соң, әкімдік қызметкерлері сұрақ қойғысы келген әйелді сүйреп залдан шығарып тастайды. 

Айта кетейік, бұған дейін де Ерболат Досаевқа қатысты көптеген сын айтылып жүрген.