Қазақстан Сауда желілері одағы басқарма төрағасының орынбасары Эльбеги Абдиев соңғы 10 жылда қазақстандықтардың тұтынушылық әдеттері қалай өзгергенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Абдиевтің айтуынша, 8–10 жыл бұрын акциядағы тауарлар сауда желілерінің жалпы айналымының небәрі 5%-ын ғана құраған. Қазір бұл көрсеткіш 40%-ға дейін өскен. Бұған қазақстандықтардың сатып алу қабілетінің күрт төмендеуі себеп: тұтынушылар енді сапаны емес, арзанды таңдауға мәжбүр.
— Егер бұрын, 8–10 жыл бұрын, тұтынушылар сауда желілеріне адал болып, жеңілдік іздейтін адамдардың үлесі кезеңге қарай небәрі 2–5% шамасында болса, қазір біз тұтынушылардың 55–60%-ы сауда желілеріне адал емес, тек жеңілдікті іздейтінін көріп отырмыз. Байқасаңыз, бүгінде сауда желілері жарнама жасағанда негізгі екпінді жеңілдікке қояды. Бұл сатып алу қабілетінің төмендеп жатқанын білдіреді. Адамдар енді сапаны, ассортиментті немесе жайлылықты емес, тек арзанын іздей бастады, олар жеңілдік болатын жаққа қарай жүгіреді, — деді ол TengeTalks-қа берген сұқбатында.