Қазақстанда жарты жылда 7,5 млрд теңгеге газет басылып шықты

Ulysmedia

Қазақстанда баспа саласындағы қызметтер көлемі 16 миллиард теңгеден асып түсті. Ең жылдам дамып келе жатқан сегмент – компьютер ойындарының баспасы, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

Ranking.kz 2021 жылғы қаңтар-маусымдағы баспа саласындағы қызметтер көлемін жариялады.

Оған сәйкес, 2021 жылғы қаңтар-маусымда баспа саласындағы қызметтер көлемі 16,2 млрд теңгені құрады, ал бір жыл бұрын көрсеткіш 14,4 млрд тг болған.

Қазақстан өңірлері арасында сектордағы қызметтер көлемінің 61%-ы екі ірі мегаполис: Нұр-Сұлтан (5,1 млрд тг) мен Алматыға (4,8 млрд тг) тиесілі. Бұл ретте, тағы бір ірі мегаполис – Шымкентте қызметтер көлемі 208,5 млн теңгеге ғана жетті.

Сектордағы қызметтердің жартысына жуығы газеттер баспасына тиесілі: 7,5 млрд тг (бір жыл бұрынғыдан 4,6%-ға аз). Бұған қоса басым көлем журналдар мен мерзімді басылымдар баспасы (2,2 млрд тг) және кітаптар баспасына (1 млрд тг) тиесілі.

Комьютер ойындары баспасы саласында бір жылда біршама өсім байқалған - 2,9 млн теңгеден бірден 62,1 млн теңгеге дейін.