×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Ел мектептерінің жартысына жуығында лицензияланған күзет қызметі жоқ

20.02.2023, 11:31
фото: ашық дереккөзден

ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау департаменті басқармасы бастығының орынбасары Серік Құспановтың мәліметінше, Қазақстанда 3 298 мектеп пен 4 214 балабақшада лицензияланған күзет қызметі жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2023 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша тиісті лицензиясы бар күзет ұйымдары 3 404 мектеп пен 1 371 балабақшаны күзетеді. Оның ішінде дабыл жүйесі арқылы жедел әрекет ететін мобильді топтар арқылы 2 050-ге жуық мектеп пен 790 балабақша күзетіледі. Қалған объектілер физикалық күзетпен қамтылған», - деді Серік Құспанов брифинг барысында.

Оның айтуынша, елімізде 6 702 мектеп пен 5 585 балабақша бар.

«Оқу орындарында лицензияланған күзеттің болмау себебі мәселесі бойынша күзет қызметтерін сатып алу үшін жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражатты негізге алу қажет. Өйткені жеке күзет ұйымдары оларды ақылы негізде көрсетеді», - деп түйіндеді ол.

Еске салайық, 13 ақпанда Петропавл мектебінде балта және пышақпен қаруланған 9-сынып оқушысы 3 баланы жарақаттады

Белгілі болғандай, жасөспірімнің психикалық дерті барына қарамастан Алматы қаласының Республиалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруға рұқсат берген. 

Осы оқиғадан кейін Үкімет басшысы Әлизан Смайылов жауапты министрліктерге оқу орындарында тексеріс жүргізуді тапсырды.

Ал оқушыларды жарақаттаған жасөспірім 2 айға қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары