Жыл басынан бері Қазақстанға қанша қандас оралды

Ulysmedia

Жыл басынан бері 4,5 мың астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

baribar.kz

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.

“2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 4 575 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 111,1 мың этникалық қазақ оралды”, – делінгне хабарламада.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың тең жартысы (52,4%) – Өзбекстаннан, 19,3% – Қытайдан, 6,3% – Түрікменстаннан, 5,3% – Моңғолиядан, 13% – Ресейден және 3,7% басқа елдерден келді.

Олар негізінен Алматы (27,9%), Маңғыстау (13,9%), Түркістан (6,8%) және Жамбыл (5%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (9,0%), Астана (11%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.

Осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны – 69,1%, еңбекке қабілетті жастан кішілер – 22,3% және зейнеткерлер 8,6% құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 18,5% - жоғары білімді, 39,9% - орта кәсіби білімді, 36,7% - жалпы орта білімді және 4,8% білімі жоқ.