QazVac вакцинасы «Халал» сертификатын алды

Ulysmedia
фото: Ашық дереккөзден

QazVac отандық вакцинасының сапасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал даму» ЖШС сертификатымен ерекшеленді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы – бас муфти орынбасары, наиб мүфти, PhD, теолог Ершат Оңғаров коронавирусқа қарсы отандық QazVac вакцинасына «Халал Даму» ЖШС сертификатын табыс етті, деп мәлімдеді биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты.