Қытаймен шекарадағы «Бақты» өткізу пункті 10 қазанға дейін жабық болады

Ulysmedia

Қытаймен шекарадағы «Бақты» өткізу пункті жабық күйінде қалып отыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

Қытай тарапындағы дезинфекция жабдықтарын қысқы маусымға дайындау жұмыстарының жалғасуына байланысты «Бақты» өткізу пункті 2021 жылғы 10 қазанға дейін жабылады, дейді мемлекеттік кірістер комитеті.

«Шекарадан өтуді қалайтын тасымалдаушылардан көрші елдегі іс-шараларды ескере отырып, өз маршруттарын алдын-ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген ақпаратта.