17 жастағы қыз өгей әкесінің зорлағанын 4 жылдан бері дәлелдей алмай жүр

Ulysmedia

Опасыз әке 4 жыл бойы өгей қызына зорлық көрсеткен. Жәбірленуші оны анасына, мұғалімдеріне, психологқа айтса да, ешкім құлақ аспапты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

Өз-өзіне қол жұмсамақшы болғанда, ауруханаға жатқызған. Жәбірленуші күш көрсету кезінде жазып алынған аудиожазбаны құзырлы орындарға берген соң ғана күдікті анықталды. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің дерегінше, бірақ ол әлі қамауға алынбаған. Жасөспірім мен күдіктіге сот-психиатриялық сараптамалар жүргізіледі. Егер күдіктінің осы қылмысты жасағаны дәлелденсе, 17 жылға немесе өмір бойына сотталуы мүмкін, дейді Астана телеарнасы.

«13 жасынан 17 жасына дейін... Соның бәрін тергеу барысында анықтайтын болады. Сараптама тағайындалып отыр ғой. Аудиожазбаға фоноскопиялық сараптама болады. Соның нәтижесі бойынша шара қолданады», - деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.