Қазақстанға жеткізілмек болған 1 мың тоннадан астам карантинге жатқызылған өнімге тосқауыл қойылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
2021 жылғы 1-8 қазан аралығында агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары Қазақстан аумағына Ресей Федерациясынан, Қырғызстаннан, Польшадан, Литвадан және Ираннан фитосанитариялық қаупі жоғары карантинге жатқызылған өнімді заңсыз әкелудің 86 әрекетін тоқтатты, дейді ауыл шаруашылығы министрлігі.
Карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүргізу кезінде Ресейден 803 тонна алма, банан, қызанақ, картоп, қырыққабат, бұрыш, қызылша, сәбіз, бидай, ұн мен басқа да өнімдердің фитосанитариялық сертификатсыз әкелуі анықталды.
Қырғызстаннан 2,7 тонна құлпынай, таңқурай, құрма және раушан тамырын фитосанитариялық сертификатсыз әкелгені әрі олардың маркировкасыз екені белгілі болды.
Польшадан 20,3 тонна алма фитосанитариялық сертификатсыз жеткізілген.
Литвадан 19,9 тонна кешью жаңғағының карантинге жатқызылған өнімді екінші рет тексеруге ұсынбаған.
Ираннан 45,8 тонна алма әкелу кезінде фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеуі анықталды (көлік құралының түрі сәйкес келмеген).
Нәтижесінде, кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 4,2 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.
Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині саласында 5 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтап, нәтижесінде 367,2 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.