Биыл Қазақстанда 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Ulysmedia

Құрылыс саласындағы 9 айдың қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

2021 жылғы 9 айдың қорытындысында құрылыс саласында нақты көлем индексі 109,7% құрады. Оң динамика барлық өңірде байқалады, дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Елімізде 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2020 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 108% құрайды.

Республика бойынша барлығы 89 102 тұрғын үй тапсырылды. Маңғыстау облысын (98,8%) және Алматы қаласын (92,5%) қоспағанда, 15 өңірде өсім бар.

Биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету жоспарланған.