×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Үш адам қаза тапты: прокуратура Бестөбедегі заңсыз алтын іздеушілер жайлы айтты

20.10.2023, 09:36
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ақмола облыстық прокуратурасы жерасты шахталарына заңсыз кіру деректері жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство Степногорск өңірінің аумағында «Алтыналмас» компаниялар тобына жататын алтын өндіретін кеніштер орналасқанын еске салды.

“Заңда көзделген жауапкершілікке қарамастан, Степногорск аймағының аумағында жерасты шахталарына заңсыз кірудің көптеген фактілері байқалады. Соңғы 5 жылда шахталарға заңсыз кіргені үшін ӘҚБтК 506-бабы бойынша 4 295 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қайталап – 480 адам, 3 реттен  артық – 100-ден астам тұлға тартылды”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2023 жылда шахталарда 3 заңсыз іздеушілер қаза тапты.

Мысалы, биыл бұрын осындай құқықбұзушылық жасаған заңсыз ізденуші жарылыс әсерінен қаза тапқан.

Сондай-ақ, соңғы 2 жыл ішінде күзетілетін объектіге заңсыз кіру бойынша 8 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

“Қауіпті өндірістік объектіге заңсыз кіру ӘҚБтК 506-бабы бойынша әкімшілік, сондай-ақ ҚР ҚК 269-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін және аталған баптың санкциясы жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделгенін  ескертеміз”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, алтын дауы өршіп тұрған Бестөбе ауылының тұрғындары мен инвесторлар арасындағы дау тоқтар емес. Екі тарап та үлкен үміт күткен қоғамдық тыңдаулар өтпей қалған. Бұрынғы жұмысшылар компанияның жүйелік жұмыс жоспарлары, соның ішінде шахта суын сору туралы дәлелдерін тыңдаудан бас тартты. Ulysmedia.kz бұған дейін жазғандай, олар бұл талапты мемлекеттік органдардың және жер қойнауын пайдаланушының өкілдерімен кездесулерде көтерген.

Осыдан 90 жыл бұрын қойнауы алтынға толы кен орны ашылғаннан бері Бестөбенің аты аңызға айналған. 1940 жылы 8 сәуірде әкімшілік картада кен орнымен аттас жұмысшы кенті пайда болды, ауыл қала құраушы мәртебесін алды, ондағы негізгі жұмыс контингенті және тұрғындар бейінді кәсіпорынның қызметкерлері болды.

Бірақ екі жылдан бері минералды базаның бұл стратегиялық мемлекеттік резервінде жұмыс тұралап тұр.  100% акциялар пакетіне иелік ететін кәсіпорын – "Алтыналмас "АҚ өзінің жауапты жер қойнауын пайдаланушы екенін дәлелдеуге тырысып жатқанына қарамастан өндіріс жанданар емес. Өздерін "Жұмыс тобы" деп атаған адамдар тобы бастаған жергілікті тұрғындар компаниямен ашық текетіреске көшкен.

Серіктес жаңалықтары