Қостанайда оқу үздігі «Алтын белгісін» 2 миллионға сатады

Ulysmedia

Қостанай сайттарының бірінде «Алтын белгі» медалін 2 миллион теңгеге сатылатындығы туралы хабарландыру жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: azh.kz

«НГ» порталының мәліметінше, хабарландыру авторы медальді сату себебін және не себепті қымбат бағаға сататынын түсіндірген.

«2 миллион теңгеге сатамын. Жап-жаңа. Эксклюзивті медаль, мұндай медаль көп емес! Оқуды осы жылы бітіргенмін. Медальді саты бір жағынан өкінішті... Егер сатып аалтын болсаңыздар, 1,5 миллион теңгеге де бере алам», - деп жазды хабарлама авторы.