Паралимпиадашылар Қытайда Қазақстанның туын көтерді

Ulysmedia

Жарыс 22-28 қазан аралығында өтеді. Қазақстанның Паралимпиада құрамасы мемлекеттік туды көтеру рәсімін өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстан құрамасы Пара Азия ойындарына аман-есен жетті.

«Біздің спортшылар классификациядан сәтті өтіп, өздерінің спорттық сыныбын растады. Паралимпиадалық спортта ойыншылар сыныбы маңызды рөл атқарады, бұл – барлық қатысушылар үшін әділ бәсекелестік. Енді медальдар үшін тартысты күрес күтіп тұр», - деді Ұлттық Паралимпиада комитетінің бас хатшысы Ерлан Сүлейменов.

IV Азия Пара ойындарына 22 спорт түрінен бақ сынайтын Азияның 43 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысады. Жарыс 22-28 қазан аралығында өтеді.