«Қызыл аймақтағы» түнгі клубтардың жұмысына рұқсат беріледі

Аян Өрібай

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 20 қазаннан бастап елде екпе алған адамдарға бірқатар нысанға кіруге рұқсат берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Келушілер COVID-19 індетіне қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік нысандардың пациенттеріне баруға рұқсат беріледі. Түнгі клубтардың қызметі тек «жасыл» мәртебесі бар адамдарға рұқсат етіледі, бірақ толымдылығы 50%-ға дейін, бірақ «жасыл аймақта» 100 адамнан, «сары аймақта» 70 адамнан, «қызыл аймақта» 50 адамнан артық болмауы шарт», - деді Алексей Цой үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандарының жұмыс уақыты «жасыл аймақта» сағат 03.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары сағат 05-00-ге дейін, ал «сары аймақта» сағат 01.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары үшін сағат 03.00-ге дейін ұзартылады.