×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Астанада Марат Жыланбаевты қолдаған белсенділер қамауға алынды

31.10.2023, 14:08
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астананың ауданаралық әкімшілік сотында белсенділер Әсел Оңланбекқызы мен Жәнібек Жүнісовке қатысты шешім шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Олар оппозиционер Марат Жыланбаевты қолдау мақсатында жүгіруге қатысқаны үшін сотталды.

Құқық қорғаушылар белсенділердің Жыланбаев ісі бойынша алдын ала тыңдаудан кейін 30 қазанда ұсталғанын айтты.

Сот оларды бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін кінәлі деп тапты. Белсенділер 15 тәулікке қамауға алынды.

Белсенділер 2023 жылдың 7 қазанында Астанада жүгірді. Осы акция арқылы олар тыйым салынған ұйымның қызметіне, сондай-ақ экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар деп айыпталған Жыланбаевты қолдағысы келді.

Жүгіру алдында қатысушыларға әкімдік қызметкері келіп, акцияны "қоғамдық тәртіпті бұзу" деп атап, әкімшілік жазамен қорқытқан.

Айта кетейік, 30 қазанда елордада Парламент Мәжілісі депутаттығына бұрынғы кандидат және тіркелмеген "Алға, Қазақстан!" партиясының жетекшісі Марат Жыланбаевтың соты басталды.

Марат Жыланбаев – қазақстандық марафоншы. Ол - әлемдегі ең үлкен шөлдерді жалғыз жүгіріп өткен жалғыз адам. Өткен жылы "Ар-Бедел" қоғамдық қоры белсендінің сөздерінен кейін Жыланбаевты экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау ісі бойынша сотқа берді.

Тіркелмеген "Алға, Қазақстан!" бір жылға жуық уақыт бойы биліктен ресми тіркеу рәсімін бастауға рұқсат алуға тырысып келеді.

2023 жылдың ақпанында Жыланбаев депутаттыққа ұсынылды, бірақ кейінірек сот оған "мерзімінен бұрын үгіт жүргізгені үшін" айыппұл салды.

Серіктес жаңалықтары