Серік Сәпиев қызметінен кетті

Ulysmedia

Сәпиев мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: olympic.kz

Бұл туралы премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі, саясаттанушы Ербол Еділов өз телеграм каналында мәлімдеді.

Серік Сәпиев 2019 жылдан бастап спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болды. Ал бұған дейін екі жыл бойы мәжіліс депутаты болған (2017 жылдан).

Сәпиев – 2005 және 2007 жылдардағы бокстан әлем чемпионы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы.