×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Газадағы қақтығыс: Ердоған АҚШ-қа қатаң шарт қойды

13.11.2023, 07:50
Global Look Press

Егер АҚШ билігі Газаны Израильдің бір бөлігі ретінде қарастырса, Түркия мен АҚШ арасындағы бұл аймақтағы жағдайға қатысты келісімге қол жеткізу мүмкін болмайды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) саммиті өткен Эр-Риядтан оралғаннан кейін түрік көшбасшысы БАҚ өкілдерімен әңгімелесті. Әңгіме барысында Ердоған:

"Израильге әсер ете алатын Америка шешуші рөл атқаруы керек... Газа – Палестина халқының жері және Америка оны мойындауы керек", – деп мәлімдеді.

Түркия президенті егер АҚШ басшысы Джо Байден Газаны Палестина халқының жері емес, керісінше "оккупациялық елді мекендердің аумағы" немесе Израиль жері деген көзқараста болса, "біз келісімге келе алмаймыз" деп баса айтты.

Еске сала кетейік, 7 қазанда палестиналық ХАМАС қозғалысы Израильге қарсы шабуыл жасады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді. Бұған жауап ретінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақты пайдаланып, Газа секторында Хамасқа қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастағанын хабарлады.

Қазақстан ХАМАС-тың  израильдік бейбіт тұрғындарға шабуылын және шетел азаматтарын кепілге алуын айыптады. Сондай-ақ, еліміз Израильді Газа секторында көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына және азаматтық инфрақұрылымның жойылуына әкеліп соғатын пропорционалды емес күш қолданудан бас тартуға шақырды.

Сондай-ақ, Қазақстан 120 елмен бірге Таяу Шығыста тез арада атысты тоқтатуды талап ететін қарарды қолдады. Көпшілік дауыспен БҰҰ Бас ассамблеясы бір топ араб елдері ұсынған Израиль мен Хамас арасында Газа секторындағы атысты тоқтатуды талап ететін қарарды мақұлдады. Бұл қарарға 120 ел дауыс берді, Израиль мен АҚШ-ты қосқанда 14 ел қарсы болды. Тағы 45 ел, оның ішінде Украина да қалыс қалды.

Бұдан бұрын Газа секторында Қазақстан азаматы қаза тапқаны хабарланған.

6 қарашада өткен брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров қақтығыс аймағында Қазақстанның 76 азаматы, отбасы мүшелерімен бірге санағанда 161 адам барын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары