×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Бұдан былай меморгандар такси шақыру қосымшаларын бақылауға алады

13.11.2023, 12:03
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда көлік құралдары мен олардың жүргізушілерінің жұмысын мониторингтеу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен таксиге тапсырыс берудің мобильді қосымшаларын интеграциялау мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярдың депутаттардың сауалына берген жауабында айтылған.

Вице-премьер жуырда көлік және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар арасында заңсыз жолаушылар тасымалын жою жөніндегі бірлескен Жол картасы қабылданғанын еске салды.

Құжат шеңберінде заңнаманың белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеру үшін заңсыз тасымалдаушылардың стихиялық тұрақтарына рейдтік іс-шаралар жүргізу, таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшаларының қызметін бақылауды ретке келтіру, фото және видео тіркеу камералары арқылы тұрақты негізде жолаушыларды заңсыз тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарын анықтау жоспарланып отыр.

“Сондай-ақ көлік құралдары мен олардың жүргізушілерінің жұмысын мониторингтеу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен таксиге тапсырыс берудің мобильді қосымшаларын интеграциялау мәселесі пысықталады. Осыған байланысты, осы бағыттағы одан әрі жұмысты жол картасы шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізетін болады” – делінген жауапта.

Еске салайық, жуырда БАҚ беттерінде Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі Қазақстандағы "Яндекс.Такси" қызметіне қатысты мәліметтерге тәулік бойы рұқсат алатыны туралы ақпарат тараған

Қазақстандағы Яндекс Go компаниясы бұл ақпаратқа түсініктеме беріп, Ресей заңнамасы Қазақстандағы қызметке және оның пайдаланушыларына қатысты қолданылмайтынын жеткізген.

9 тамызда Қазақстанда Yandex.kz іздеу жүйесінің жұмысы деректерді сақтау ережелерінің бұзылуына байланысты бұғатталды. Цифрландыру министрлігі компанияға деректерді өңдеу орталықтарының орналасқан жері туралы, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының дербес деректерін қорғау шаралары туралы толық ақпарат беру туралы сұрау жіберді.

Сондай-ақ, ресурстан өз доменін республика аумағына көшіру талап етілді.

Серіктес жаңалықтары