Қорғас – Алматы тас жолында соқтығысқан екі көлік өртеніп кетті

Ulysmedia

Жаркент қаласының маңында қатты жылдамдықпен келе жатқан екі Ауди көлігі соқтығысып, оқиға орнында жанып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жетісу облысы ПД

Жол апаты 18 қарашада Қорғас – Алматы тас жолында болды. Апаттан 5 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Ауыр жарақат алған бір жолаушы медициналық тексеруден кейін ауруханаға жатқызылды.

“Автокөліктер «Алматы-Қорғас» тас жолының 336 шақырымында соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, автомобильдің бірінің дөңгелегі жарылып, нәтижесінде жүргізуші рөлге ие болмай, басқа көлікпен соқтығысуға жол берген. Бұл жағдай кейіннен екі шетелдік көліктің де өртенуіне себеп болды. Өртті оқиға орнына шақырылған төтенше жағдай қызметінің өрт сөндірушілері өшірді”, – деп жазды Панфилов ауданының полициясынан.