Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрды

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында шаңды дауылдан көлік қозғалысы қиындады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

24kz-ның мәліметінше, Ақтау-Бейнеу және Шетпе-Тұщықұдық жолдарында топырақ борап тұр. Дегенмен, қазір барлық бағыт бойынша қозғалысқа рұқсат етілген. Құтқарушыларға шақырту түскен жоқ.

Синоптиктер кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескерткен. Сондай-ақ нөсер жауын болады деген болжам айтылды.