Астаналықтарға балаларды спорт секцияларына қабылдау кезегі ашылатыны ескертілді

Ulysmedia

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы Астанадағы спорт секцияларына балаларды жаңадан қабылдау басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Кезек 27 қараша күні сағат 20.00-де ашылады.

28 қараша күні сағат 18.00-де 2023 жылғы жинақтарды пайдалана отырып, орындар бөлінеді және 4500 жолдама беріледі.

Бұған дейін Қазақстанда балаларға арналған спорт секцияларында жан басына қаржыландыру жүйесі енгізіліп жатқаны мәлім болған.