Қарағандыда майнингке арналған құрылғыны ұрлады деген күдікпен полиция бастығы ұсталды

Ulysmedia

Қазір полиция қызметкерлері оның қайда екенін анықтап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Полицияда Қарағанды облысы полиция департаментінің тергеу басқармасының басшысы Рустам Құлкеевтің майнингке арналған жабдықты ұрлады деген күдікке ілінгені айтылды. Бұл жабдық қылмыстық іс аясында тәркіленген.

Ұрлық бабы бойынша қозғалған істе Құлкеевтің қарамағындағылар да бар.

Егер Құлкеев шақыру бойынша келмесе, оған іздеу жарияланады.