Мәскеудегі Қазақстан елшілігінің консулдық бөлімі жұмысын тоқтатады

Ulysmedia

1 қарашадан 14 қарашаға дейін консулдық бөлім азаматтарды жеке қабылдауды уақытша тоқтата тұрады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: ria.ru

«Мәскеу қаласындағы жағдайдың нашарлауына байланысты, COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы және барлық келушінің денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 1 мен 14 қараша аралығындағы кезеңде Мәскеудегі Қазақстан Республикасы елшілігінің консулдық бөлімі барлық консулдық және мемлекеттік қызмет бойынша азаматтарды жеке қабылдауды уақытша тоқтата тұрады», - дейді Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.

Шұғыл мәселелер бойынша 8-925-897-71-14 жедел желі телефонына қоңырау шалуға болады. Қалған сұрақтар бойынша consul.moscow@mfa.kz электрондық пошта арқылы хабарласуға болады.

2021 жылғы 1 қарашадан бастап 14 қарашаға дейінгі күндерге азаматтардың онлайн жазылуы тиісінше келесі аптада кезек тәртібімен ауысады.