Алматыда хостел өртеніп, 13 адам көз жұмды

Ulysmedia

Төтенше жағдайлар департаменті 30 қараша күні сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабарлама түскенін мәлім етті.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес өртті барлау және сөндіру барысында 13 адамның денесі табылды. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, сағат 08:40-тағы жағдай бойынша өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды, оның үшеуі сағат 08:40-қа дейін жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

Қазір 56 адам жақын маңдағы мектепкк уақытша орналастырылды. Ыстық тамақ берілді, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі. Бір сағат ішінде ауданның қонақ үйлеріне орналастырылады.