×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Бас прокуратура өкілі Самат Әбіштің тергелуі жайлы сұраққа жауап берді

30.11.2023, 12:50
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбішті бұлтартпау шарасы әлі өзгертілмегенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Ол қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасы өзгертілген жоқ. Ол ешқайда кетпеу жөніндегі бұлтартпау шарасы өз күшінде. Ешқандай бұлтару немесе жауап беруге келмеу сияқты фактілер болмаған себепті бұлтартпау шарасы өзгертілген жоқ, – деді Өмірәлиев мәжіліс кулуарында.

Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, Самат Әбіш лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану бойынша қылмыстық іс қозғалып, сол бап бойынша тергеліп жатыр. Ол тергеу барысында “Кетіп қала ма деп ойламайсыз ба?” деген сұраққа “оған ешқандай негіз жоқ” деп жауап берді.

Еске салайық, қаңтардағы тәртіпсіздіктер ісі бойынша сот отырысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов Қаңтар оқиғасы кезінде өзіне Самат Әбіш бұйрық  бергенін мәлімдеген еді.

Көп ұзамай Бас прокуратура Самат Әбіштің тергеліп жатқанын хабарлады.

Бұдан бұрын депутат Ермұрат Бапи Самат Әбіштің үстінен іс қозғалуына қатысты пікір білдірген. Ал Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанына біраз болғанын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары