Жанжалға жақын ресейлік бизнесменге тиесілі моншадан өрт шықты

Ulysmedia

Кеше кешке қарай Астана қаласындағы «Орел моншалары» кешенінде өрт шығып, бөренеден жасалған екі қабатты моншаның төбесі мен шатыры жанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Белгілі болғандай, өрт 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жау сағат 22:06-да сөндірілді. Өртті алауыздықтауға 14 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ.

«Орел моншалары» кешенінің қожайыны – бұған дейін халықаралық іздеуге, сондай-ақ Ресей федералды іздеуге жарияланған ресейлік кәсіпкер Александр Орлов.

Ол Қазақстанда ресейлік Sun Group мейрамхана холдингіне иелік етеді. Оған Алматыдағы Queen Almaty, DragonFly, Blue Cat Coffee, Manana, Tanuki мейрамханалары, ал Астанада Ryba Pila мейрамханасы мен «Орел моншалары» кешені тиесілі.

2022 жылдың сәуірінде кәсіпкер қазақстандықтардың сынына тап болған еді. Отандастарымыз оның жергілікті кадрлардың біліктілігінің жоқтығы туралы сөзін қорлау деп бағалап, әлеуметтік желілерде шиеленіс туындаған болатын. Ал кәсіпкер оның сөздері қате түсіндірілді деп ақталған-ды.

«Біз Қазақстанға жергілікті кадрларды дайындау үшін топ-менеджмент әкелеміз деп айтқан еді. Біздің Қазақстанда орналасқан мекемелердегі қызметкерлердің 99 пайызы қазақстандықтар. Сөзіме ренжіген адамдардан кешірім сұрадым», деді ол.

Қыркүйек айында кәсіпкер тағы да жанжалды мәлімдеме жасап, басшылық лауазымдарға үміткерлерді таңдаған кезде адамның артық салмағына назар аударатынын айтты.

«Мен семіз адамдарды жұмысқа алмаймын. Мұндай адамдар қауіпті», деген еді ол.