Жайықтың жағдайы өте күрделі: Экология министрі қос өзенге қатысты пікір білдірді

Ulysmedia

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Жайық пен Сырдарияның экологиялық жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

«Жайықтың жағдайы өте күрделі. Біз бұл мәселені бақылауда ұстаймыз, бірақ оңай болмайды. Біріншіден, су аздығы. Жыл бойы су аз. Бұған көптеген факторлар әсер етуде. Қазір біздің мамандар ресейлік мамандармен бірге жұмыс жүргізуде. Таяу уақытта біз Жайық өзенінің су тапшылығы проблемалары бойынша бір шешім табамыз», - деді Экология министрлігінің басшысы Сенат отырысында.

Оның айтуынша, Сырдария және басқа да шекаралас өзендер бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Шешім тек қазақстандық тарапқа ғана байланысты емес. Сырдария туралы айтатын болсақ, бұл Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанмен де байланысты. Мен жуырда ғана Тәжікстанда болдым. Онда Тәжікстанның су ресурстары министрімен, Өзбекстанның су ресурстары министрімен кездестім. Қарашадан кешіктірмей осы жағдай бойынша тағы да келіссөздер жүргіземіз деп келістік", - деп қосты Брекешев.