Газа секторында қайтыс болғандардың саны 16 мыңнан асты – көбі балалар

Оралхан Қожанов

Хамас тобының бақылауындағы Газа секторының билігі соғыс басталғаннан бері қаза тапқандар туралы деректерді жаңартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Сейсенбі күні кешке қайтыс болғандардың саны 16 248-ге жеткен. Хамас қайтыс болғандардың 7000-нан астамы балалар, ал 5000-ға жуығы әйелдер екенін мәлімдеді.

Хамас қалған кепілге алынған адамдарды жібермейді және Газа секторындағы агрессияны тоқтатқанға дейін Израильмен келіссөздер жүргізбейді. Бұл туралы қозғалыс саяси бюросының мүшесі Усама Хамдан мәлімдеді, деп хабарлайды Al Mayadeen.