Уәде етілген жылу жоқ - Степногорск тұрғындары бүрсеңдеп отыр

Оралхан Қожанов

Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржанов шаһардағы төрт тұрғын үйге әлі күнге дейін жылу берілмегенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

"Екінші күні бүкіл қала бойынша жылумен жабдықтау және төтенше жағдайлар бригадалары белсенді жұмыс істеуде. Біз бес үйде тиісті жұмыстарды аяқтаймыз. Қазіргі уақытта 2 шағын ауданда 40 үй жылуға қосылуда. Біз пәтерлерді аралайтын боламыз", - деді әкім.

Дегенмен, төрт үй әлі де жылусыз қалып отыр. Әкімнің айтуынша, 2 шағын аудандағы 45 үйді, сондай-ақ 1 шағын аудандағы 26, 43 және 49 үйлерді қосу жұмыстары жалғасуда.

"Біз қазір осы мәселелермен жұмыс істеп жатырмыз. Тұрғындардан түсіністік танытуды сұраймын. Біз үзіліссіз, демалыс күндері де жұмыс істейміз", - деді әкім қала тұрғындарына.

Бүгінде жылу электр станциясы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Гидравликалық проблемалар қазірдің өзінде жойылған.

2023 жылы "Степногорск Теплотранзит" ЖШС кәсіпорны 1,1 млрд теңге бөліп, алты шақырым құбырды ауыстырғанын атап өткен жөн.

Сондай-ақ, әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Степногорск ЖЭО жөндеуге меншік иесі тағы 4,2 млрд теңге бөлген.