Израиль шабуылынан 18 мыңнан астам палестиналық қаза тапты

Оралхан Қожанов

Арабияның БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Израиль әскерінің Газа секторына жасаған шабуылынан 18 500 адам көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Al Mayadeen телернасы тағы 50 мыңнан астам адам жарақат алған деп отыр.

Жергілікті дәрігерлер Израильдің әуе шабуылынан анклавта 18 412 адам қайтыс болғанын растады.

Бұған дейін қаза тапқан саны 16 мыңнан асқаны туралы хабарланған. Ал Израильде қайтыс болғандар саны 1,2 мыңнан асқан.