×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

"Цифрлы мешіт" - Нұрлан имам шопырларды шат қылды

22.12.2023, 14:20
Егемен

Көпшілікке "Нұрлан имам" деп танылған Нұрлан қажы Байжігітұлы Астанадағы Ырыскелді қажы мешітінің алдына өзге ғибадат орындарында жоқ құрылғы орнатқызды. Ол бұл жаңалық туралы Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еліміздегі алғашқы эко мешіт атанған «Ырыскелді қажы» мешіті тағы бір жабдықпен толықты. 

Нұрлан имамның бастамасымен мешіттің алдына электрлі автокөлікті қуаттайтын қондырғы орнатылды. 

«Мынау Астана қаласындағы Ырыскелді қажы мешітінің жанындағы автотұрақ. Осы мешітте елімізде тұңғыш рет электрлі автокөлікті қуаттайтын қондырғы қойылды. Енді намаз оқыған кезде Zeekr, тағы басқа көліктеріңізді қуаттасаңыздар болады. Өздеріңіз имамның уағызымен қуаттанып, көліктеріңізді осы қондырғыдан қуаттап қайтасыздар», деді Нұрлан Байжігітұлы.

Сондай-ақ желідегі жазбасына: «Әлемдегі озық үлгідегі заманауи мешітке осы алдыңғы қатарлы бастамам жарасып-ақ тұр, иә», деп қосты.

Серіктес жаңалықтары