×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Талғардағы жаңа тұрғын үй кешенінің шатыры құлай бастады

24.12.2023, 14:30
бейнежазбадағы кадр

Қардың салмағын көтере алмағандықтан арқалықтар құлап, бір жылдан аз уақыт бұрын мемлекеттік тапсырыс бойынша салынған жаңа тұрғын үй кешенінің шатыры жартылай түсе бастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда, бейнежазбаның авторы құрылысшыларға наразылық білдіріп, тұрғындарға, әсіресе балаларға қауіп төндіретінін атап өтті.

Талғар тұрғындары шенеуніктерден ресми жауап талап етуге және құрылыс сапасына тексеру жүргізуге ниет білдірді. 

Әкімдік не дейді

Азаматтардың алаңдаушылығына жауап ретінде Талғар әкімдігі қалпына келтіру жұмыстарының басталғанын мәлімдеді. Ресми хабарламада шатырдың құлауына қалың қар және шатырда мұздың пайда болуы себеп болғаны айтылған. 

60 пәтерлі үйдің тұрғындары жөндеу жұмыстарына ақы төлеуге міндеттелмейді. Әкімдік үй 2020 жылы пайдалануға берілгенін ескере отырып, жұмыстардың тегін орындалатынына сендірді.

Серіктес жаңалықтары