Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 6 адам көз жұмды

Ulysmedia

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 136 адамнан анықталып, 6 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Қазақсанда коронавирус пневмониясынан осы уақытта 202 адам емделіп жатыр. 2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясын жұқтырғандар саны 78596 адамды құрады. Сондай-ақ 4998 қайтыс болып, жазылып шыққандар саны 67416-ға жетті.