×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Банкирдың сағаты, вице-министрдің сөмкесі һәм вибраторлар: Меморгандар аукционда не сатты

25.12.2023, 09:37
Коллаж: ulysmedia.kz.

«Мемлекеттік мүліктер тізілімі» сайтындағы онлайн аукционнан сот шешімі бойынша тәркіленіп, сатылып жатқан заттарды, нысандарды, шенеуніктердің сыйлықтарын, мемлекеттік мүліктер мен кәсіпорындардың үлестерін көруге болады. Сондай-ақ, ол жерден электронды сауда-саттық туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы жемқорлықты тергеу қоры-бюросына сілтеме жасап.

Хәрри Поттердің «сиқырлы таяқшасы» сатылған

NewsRoom99 мәліметі бойынша, мысалы, аукцион сайтында Хәрри Поттер фильмдер сериясынан 384 дана «сиқырлы таяқша», 1000 қағаз карта және 1500 зергерлік бұйым бір сауда-саттық кезінде сатылып кеткен. Бастапқыда бұл жиынтықтың бағасы 833 400 теңгені құраған, алайда ешкім оны сатып алуға ниет білдірмегеннен кейін баға төмендетіліп, екінші аукцион өткізілген. Нәтижесінде фильмнің атрибуттары 416 700 теңгеге сатылған.

Вибраторлар мен таблеткалар

Сонымен қатар, сайтта интимдік тауарларды сату жөнінде де хабарландыру бар. Интим-салон иесі салық төлемей, ақыры өз өнімдерінен айырылғаны хабарланады. Сөйтіп, 25 вибратор, түрлі түрдегі 15 гель және жыныстық қуатты арттыру үшін 35 таблетка аукционда 175 000 теңгеге сатылған.

200 млн теңгеге кеткен қымбат сағаттар

Сайттағы қымбат және эксклюзивті лоттардың бірі - Qazaq Banki директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Бақыт Ибрагимнің (Bank RBK-дан ұрлау туралы қылмыстық іс аясында тәркіленген) швейцариялық Richard Mille брендінің шектеулі сағаттары. Сағаттар 196,8 млн теңгеге сатылған.

Вице-министрден тәркіленген сөмке

Сондай-ақ, 4,4 млн теңгеге Hermes Birkin брендтік сөмкесі сатылды. Ол сөмке Қазақстан мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары Сәкен Мұсайбековті ұсталған кезде, шенеунік Дубайға ұшпақ болған кезде тәркіленген.

Кеңестен қалған жойғыш ұшақтар сатылмай жатыр

Сонымен қатар, электронды сауда-саттық сайтына сатуға 117 кеңестік жойғыш ұшақ қойылған. Шарттардың бірі – ескі жойғыш ұшақтарды кәдеге жарату болған. Алайда оларды ешкім сатып алғысы келмеген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы «KTZ EXPRESS» АҚ-тың екі Lexus LX 570 және елордадағы люкс тұрғын үй кешеніндегі үлкен пәтері лотқа қойылған еді.

Серіктес жаңалықтары