×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

2024 жылы зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өседі

25.12.2023, 16:24
Коллаж Ulysmedia

Мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес көтеріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылға зейнетақы мен жәрдемақылардың жаңа мөлшерін жариялады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрі Ұлттық банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 7%-ке көтеріледі. Ал ынтымақты зейнетақы 9%-ке өседі.

Зейнетақы

2024 жылы бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері (БЖЗҚ төлемдерін есептемегенде) 130 414 теңгені құрайды. Биыл оның мөлшері 120 838 теңге болды.

2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны күнкөріс деңгейінің 70%-іне дейін, ең жоғары – 120%-ке дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру көзделген.

Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-інен 65%-іне дейін ұлғайтылады. Бұл 28 215 теңгені құрайды.

Ал ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 100-ден 105%-ке дейін артып, 45 578 теңгеге жетеді.

Жәрдемақы

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері де артады.

1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 131 100 теңгеден 140 296 теңгеге дейін;

4 және одан көп бала туғанда берілетін жәрдемақы 217 350 теңгеден 232 596 теңгеге дейін өседі.

Бала санына байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы:

4 баласы бар отбасылар үшін 55 304 теңгеден 59 183 теңгеге дейін,

10 баласы бар отбасылар үшін – 138 000 теңгеден 147 680 теңгеге дейін ұлғаяды.

Мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы

I топ – 89 248 теңгеден 95 496 теңгеге дейін;

II топ – 71 398 теңгеден 76 397 теңгеге дейін;

III топ – 48 681 теңгеден 52 089 теңгеге дейін өседі.

Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер 7%-ке ұлғайтылады. Бұл төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.

Серіктес жаңалықтары