×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Министр қазақ әндерін кемсіткен «Бизнес FM» басшысына жауап берді

26.12.2023, 13:27
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, қазір қазақ тілді аудиторияның ауқымы кең – жылдан жылға ұлғайып келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін «Бизнес FM» радиосының бас директоры Рустам Мақсұтовтың қазақ әндері туралы пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді. Ол радиохабар таратушылардың негізгі жүктемесі туралы мәселе көтерген. Айтуынша, бірінші мәселе – әуе толқындарының музыкалық мазмұны. “Қазақ әндерінің көпшілігі радиоға жарамайды” деген пікірде.

«Радиостанциялардың, тыңдармандардың өз талғамы бар. Негізі қазақтілді аудиторияға арналған әндер біз ұсынып отырған талаптарға сай бола бермейді. Бұл - мейрамханалар мен кафелерде айтылатын әндер. Сондықтан бұл біздің форматқа сәйкес келмейді», – дейді Рустам Мақсұтов.

Радио басшысының осы сөзіне байланысты ОКҚ алаңында журналистер Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның пікірін сұраған.

– Өкінішке қарай кейбір азаматтар тіл мен мәдениетке келгенде осындай екіұдай пікір білдіріп жатады. Меніңше, өз ойын айта алмады ма, иә болмаса, өзінің ұстанымы солай ма? Десе де өз басым ол азаматпен келіспеймін. Ақпарат контентінің аудитория өзі анықтайды, өзі шешеді. Қазір біздің аудиторияның 80 пайызы қазақ тіліндегі ақпаратты қолданып отыр. Бұл нақты факт. Сондықтан, отандық музыка, өнер де, эстрада да бүгінгі таңда қазақ тілінде. Ол өте қуантады. Сондықтан, мен ол оймен келіспеймін. Ең бастысы, қазақ немесе орыс тіліндегі контент болсын, біз сапалы контент, пайдалы контент жасауымыз керек. Аудитория өзі белгілейді. Нарық соған икемделеді. Орыс тілді парақшаларыңыздың оқырманы аз. Кейде қазақ тіліндегі аз. Соған қарап, аудиторияларыңыздың санын анықтайсыз, – дейді Балаева ОКҚ алаңында.

Министр алдағы уақытта қазақ және орыс тіліндегі контент жағынан үлес 70/30 болатынын, нарық өзінің жұмысын жүргізетінін айтады. 

– Ақша табам деген кәсіпкер нарықтың сұранысына жұмыс істейді. Сондықтан, біз қорықпай, қазақ тілін дамытамыз десек, сапалы контентті жасасақ дұрыс. Қазақ тіліндегі контенттерді интернетте үнемі қарап отырам. Күнделікті ақпараттан бөлек, мәдениет, білім, ғылым саласы, дін, тіл саласын жан-жақты қарап, ашып отырсыздар. Аналитикалық материалдар көп. Көрермен де, оқырман да соған зәру. Оны көбейте беру керек. Сонда біздің оқырмандарымыз да көбейеді. Сол арқылы тілімізді дамытамыз, – деп түйді Балаева.

Серіктес жаңалықтары