Өзбекстанда президент сайлауы басталды

Ulysmedia

Өзбекстанда президент сайлауы басталды. Елде ресми түрде жұмыс істейтін бес саяси партияның барлығынан кандидат тіркелген, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: uz.sputniknews.ru

uz.sputniknews.ru-дың мәліметінше, сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 08:00-де ашылды.

Үміткерлердің бірі – қазіргі президент, Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы  ұсынған 64 жастағы Шавкат Мирзиёев болды.

Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша 19,86 миллион адам сайлаушылар тізіміне енгізілген, 14 округтік сайлау комиссиясы мен 10760 сайлау учаскесі құрылды.

Сайлауды 64,5 мың жергілікті байқаушылар мен 50 елдің ТМД, ЕҚЫҰ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы және Дүниежүзілік Сайлау Органдары Ұйымынан келген 970 халықаралық байқаушылар бақылайды.