×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Оңтүстік Кореяда оппозициялық партия жетекшісіне қастандық жасалды

02.01.2024, 12:15
Yonhap

Демократиялық партияның басшысы Ли Чжэ Менге Пусанда шабуыл жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап.

Ли Чжэ Ман Пусандағы жаңа әуежайдың құрылыс алаңында сөз сөйлеп жатқан кезде көпшілік арасынан белгісіз адам атып шығып, саясаткердің мойнын пышақтаған.

Ли Чжэ Мин дереу Пусан ауруханасына, кейін Сеулге тікұшақпен жеткізілді.

Саясаткердің мойын венасы зақымдалған, үлкен қан жоғалту қаупі бар. Бірақ өмірге қауіп төндірмейді, деп хабарлады дәрігерлер.

Күдіктінің 60-70 жастағы ер адам екені хабарланды. Полицияда ол қастандықтың себептерін ашпады.

Серіктес жаңалықтары