Елена Рыбакина жаңа маусымды жеңіспен бастады

Оралхан Қожанов

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2024 жылдың алғашқы ресми ойынында жарқын жеңіске жетті. Ол Аустралияның Брисбен қаласында жалауын желбіреткен WTA 500 турнирінде жергілікті теннисші Оливия Гадекиді ұтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

sports.kz

Кездесу 1 сағат 12 минутқа созылды. Нәтижесінде Елена 6:4 және 6:1 есебімен басым түсті.

Енді отандасымыз 1/8 финалда бельгиялық Элиза Мертенспен ойнайды. Бұл кездесу 4 қаңтарға жоспарланған. 

Бұған дейін Елена Рыбакинаның 2023 жылды табысты аяқтағанын жазған едік.