Отандасымыз Елена Рыбакина Брисбен (Австралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Турнирдің екінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық спортшы ширек финалда әлемдік рейтингте 28-орында тұрған ресейлік Анастасия Потаповамен кездесті.
Осыған дейін қарсыластар бір-ақ мәрте кездесіп, онда ресейлік теннисші жеңген екен.
Бұл жолы бірінші партияда Елена 6:1 есебімен айқын жеңді. Осыдан соң Анастасия дәрігерлердің көмегіне жүгініп, бәсекені жалғастырудан бас тартты.
Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 40-ракеткасы, чехиялық Линда Носкова немесе рейтингте 58-сатыдағы 16 жастағы ресейлік Мирра Андрееваның біреуімен кездеседі.