×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

«Қазақфильмнен» ұрланған 400 млн теңгеге Назарбаева мен Сатаевтың қатысы бар ма?

10.01.2024, 14:01
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұған дейін ақпарат құралдары «Қазақфильмге» байланысты қозғалған қылмыстық іс «Ұлы дала таңы» фильміне қатысты өрбіп жатқанын хабарлаған болатын. Аталған туындыны Әлия Назарбаеваның продюссерлігімен режиссер Ақан Сатаев түсірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы прокуратурасы «Қазақфильмге» бюджеттен бөлінген 400 млн теңгенің қолды болғанын анықтаған еді. Прокуратура ұрланған қаражаттың фильм түсіруге бөлінгенін атап өткенімен, қай фильм туралы айтып жатқанын нақтыламаған. 

Ал таяуда DALA INSIDE телеграм арнасы іс «Ұлы дала таңы» фильміне қатысты өрбіп жатқанын хабарлаған. Kinopoisk порталында 2022 жылы шыққан «Ұлы дала таңы» фильмінің продюсері Әлия Назарбаева деп көрсетілген. Фильмнің режиссері Ақан Сатаев.

– Белгілі режиссер фильмдеріне Назарбаевтың кіші қызын бас продюсерлікке тарту арқылы Әлияны берік «қамал» ретінде пайдаланды ма? Бәлкім, екеуі әу бастан сыбайлас шығар, кім білсін? – деп жазған DALA INSIDE.

Ulysmedia.kz порталы осы ретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне аталған істе «Әлия Назарбаева пен Ақан Сатаевтың құқықтық статусы бар ма?» деп сауал жолдаған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1 және 2 сұрақ бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізбегенін, өндірісте қылмыстық істер жоқтығын хабарлайды», - деп қысқа қайырады агенттік жауабында.

Десе де антикор «Қазақфильмге» қатысты бұған дейінгі ақпаратты қайталап, киностудияның бұрынғы президентінің қылмыстық әрекетін әшкереленгенін атап өтеді.

– 2017 жылы Алматы облысының Іле өзен жағасындағы «Көшпенді» киножобасы аясында салынған жасанды «Түркістан» бекінісі Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығымен үлестес коммерциялық ұйымның нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен сатылған. Қазір осы активті және жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр, - делінген жауапта.

Серіктес жаңалықтары