×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Экс-министр Бишімбаевты қамауға алу мерзімі ұзартылды

11.01.2024, 17:11
Экс-министр Бишімбаевты қамауға алу мерзімі ұзартылды
Коллаж Ulysmedia

Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевты қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылды, - делінген Астана қалалық соты ақпаратында.

Еске салайық, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.

Қайтыс болған Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов "Бишімбаевты ақтауға тырысқан" блогерлерді айыптай сөйлеп, экс-министрді туыстары ешқашан кешірмейтінін мәлімдеді.

Қылмыстық іске президент Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударып, істі ІІМ басшылығына ерекше бақылауға алуды тапсырды. Кейін экс-министр Бишімбаевтың үстінен «аса қатыгездікпен адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалғаны белгілі болды.