Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары ауысты

Ғалиасқар Думан

Марат Құсайыновтың орнына Сұлтан Қамалетдинов келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қорғаныс министрлігі

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Рақымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштердің бас штабы бастығы лауазымынан босатылды. Оның орнына Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов келді. Ол бұған дейін министрдің орынбасары қызметін атқарған. 

Сондай-ақ, Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.