×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай транзитін 3 млн тоннаға ұлғайтуға келісті

18.01.2024, 12:48
Фото: Ашық дереккөзден

Ресей мен Қазақстан Ресей мұнайының Қытайға транзитін Туймазы—Омск—Новосибирск-2 мұнай құбыры арқылы және Атасу - Алашанькоу бағыты бойынша жылына 10 млн тоннаға дейін ұлғайту туралы келісімге қол қойды. Бұрын транзит көлемі 7 млн тоннаны құраған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Сондай-ақ, құжатқа сәйкес, Қазақстан жыл сайын 1 млн тоннаға дейін мұнай мен тұрақты газ конденсатын Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМӨЗ) Ресей арқылы транзитпен жібереді деп болжанады. ПМӨЗ-ға мұнай мен газ конденсатын жеткізу Атырау—Самара—Туймазы—Омбы—Новосибирск-2—Прииртышск—ПМХЗ бағыты бойынша өтеді, делінген құжатта.

Жоспар былтыр орындалмады

Жалпы 2023 жылы мұнай өндірісі жөніндегі жоспар толық орындалмай қалғаны хабарланған еді. Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев мұның себебін мұнай өндіретін ірі кәсіпорындардағы жөндеу жұмыстарымен байланыстырады.

Мұнай тасымалы бағдары қалай өзгеріп жатыр

Жалпы 2023 жылы қазақстандық мұнайды Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемі 3 млн 376 мың тоннаны құрады. Бұл - 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млн 108 мың тоннаға артық.

Ақтау портынан қазақстандық мұнайды экспортқа тасымалдау көлемінің ұлғаюы "Баку – Тбилиси – Джейхан" мұнай құбыры бағытында жөнелтілетін шикізат көлемінің 250 мың тоннадан 1 млн 392 мың тоннаға дейін өсуіне байланысты, дейді мамандар. Бұл – 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5 есеге көп. Атап айтқанда, тек Теңіз кен орнынан осы бағыт бойынша 1 млн 057 мың тонна мұнай жөнелтіліпті.

Сондай-ақ, жыл қорытындысы бойынша Ақтау портынан Махачкала портының бағыты бойынша 1 млн 984 мың тонна мұнай жөнелтілген. Қазақстан осы бағыт арқылы Ресейдегі бағытқа балама іздейді.

Серіктес жаңалықтары