Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, пессимистік сценарий орындалған жағдайда елде желтоқсанда коронавирус жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші 2350 адамға дейін жетеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.
«Министрлік коронавирус инфекциясы бойынша алдағы 3 айдағы эпидемиологиялық ахуалдың болжамын жаңартты. Пессимистік сценарий бойынша қараша айында ауру жұқтырудың орташа тәуліктік көрсеткіші 1800 жағдай, желтоқсанда 2350 жағдай болады. Ал реалистік болжам бойынша қараша айында 1650 жағдай, желтоқсанда 1600 жағдай тіркелуі мүмкін. Оптимистік сценарий орындалған жағдайда қарашада тәулігіне 1500, желтоқсанда 1100 адам коронавирус жұқтыруы ықтимал», - деді министр үкімет отырысында.
Министр өз сөзінде жергілікті атқарушы органдармен індеттің таралуына қарсы алдын алу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.