×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Әлиевтің компаниясы Алматыны құлақтандыру жүйесіне жауапты болған: Антикор тексере бастады

24.01.2024, 11:51
Коллаж: ulysmedia.kz.

Тексерістен кейін тиісті процессуалдық шара қабылданады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Біз ол ақпараттан хабардармыз. Сондай-ақ, әріптесіміз, қоғамдық кеңес мүшесі Дидар Смағұловтың әлеуметтік желідегі жазбасын оқыдық. Бұл факті бойынша «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің арызын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Алматы қаласы бойынша департаменті тіркеді. Материалдар өкілетті органға тексеру жүргізу үшін жолданды. Сол тексерудің қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданып, БАҚ пен қоғамға хабарланады, – деді бүгінгі брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Нұрәлі Әлиевтің қандай қатысы бар?

Алматының құлақтандыру жүйесі мен Қазақстанның бұрынғы президентінің жиені Нұрәлі Әлиевті не байланыстыратыны белгілі болды. 2022 жылы төтенше жағдайлар департаменті TNS-INTEC компаниясымен жер сілкінісіе ерте ескерту жүйесін орнату туралы келісім жасаған.

Компанияның құрылтайшысы - Darmen Holding. соңғы иесі – Нұрәлі Әлиев, деп жазады Nege.Aqsha telegram арнасы.

Қол қойылған құжаттарға сәйкес, компания Алматы аумағында 28 станция орнатуы керек еді. Жоба бойынша станциялар ТЖМ мен сейсмология институтына жер сілкінісінің жақындағаны туралы алдын-ала сигнал беруі керек болған.

Алматыдағы жер сілкінісі

Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 40-тан астам адам жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты. 

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.

Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді:

  • Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
  • Жер сілкінген кезде лифтті пайдаланбаңыз;
  • Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз;
  • Сенімді, берік орын табыңыз: егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;
  • Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – дүмпу тоқтағаннан кейін);
  • Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Алдын ала дайындалған шұғыл сөмкені алыңыз;
  • Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
  • Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.
Серіктес жаңалықтары