Елімізде 9 мыңға жуық азамат банкрот деп танылды

Ulysmedia

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекеттік кірістер органдары 2023 жылғы наурыздан бастап соттан тыс банкроттықты қолдануға 80 мыңнан астам азаматтан өтініш қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: freepik.com

Мемлекеттік кірістер органдары 2023 жылғы наурыздан бастап соттан тыс банкроттықты қолдануға 80 мыңнан астам азаматтан өтініш қабылдады. Оның ішінде 16,7 млрд теңгеден астам қарызы бойынша 8 986 азамат банкрот деп танылды. E-gov, E-gov Mobile және E-Salyq Azamat арқылы түскен заңға сәйкестікке өтініштерді автоматты түрде өңдеу 22-ден астам мемлекеттік орган мен ұйымдардың базаларымен, 11 екінші деңгейдегі банкпен интеграциялау жолымен жеке тұлғалардың банкроттығы жүйесінде өңделеді, - деді вице-министр.

Ержан Біржанов рәсімді қолдануды оңайлату бойынша соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізбесін кеңейту бөлігінде заңнаманы жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.