Қазақстан БАӘ-ге тауарлар экспортын 233,5 млн долларға дейін арттыруға дайын

Ulysmedia

Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Біріккен Араб Әмірліктерінің ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикимен болған кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

pixabay/WildPixar

Сауда министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар 2024 жылғы 26-29 ақпанда Абу-Дабиде өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының 13-ші министрлік конференциясын өткізу мәселесін талқылады.

Сонымен қатар, Арман Шаққалиев БАӘ-ге сапар аясында 30 қазақстандық компанияның қатысуымен EXPO Dubai 2020 аумағындағы Қазақстанның ұлттық павильоны алаңында сауда-экономикалық миссия өткізу жоспарланып отырғанын айтты.

Миссия шеңберінде қазақстандық тауарлардың тұрақты жұмыс істейтін көрме-демонстрациялық алаңы, сондай-ақ IT және мұнай сервистік компаниялар үшін coworking space ашылады.

Министр Біріккен Араб Әмірліктері республиканың маңызды сауда серіктестерінің бірі болып табылатынын және Қазақстан 40 тауар позициясы бойынша 233,5 млн долларға шикізаттық емес тауарлар экспортын ұлғайтуға дайын екенін атап өтті.