×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ердоған жер сілкінісінен зардап шеккендерге баспана кілтін табыстады

04.02.2024, 10:04
Анадолы агенттігі

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Хатайда жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарға баспана кілтін табыс етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Зерттеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін жер сілкінісі болған аймақта бенефициар саны 390 мың адам болатыны анықталды. Бүгін біз 7 мың 275 азаматқа баспана кілтін табыстап жатырмыз, оның 6 мың 572-сі провинция және аудан орталықтарында, 703-і - ауылдық жерлерде», - деді президент Ердоған.

Түркия президентінің айтуынша, зілзала болған аймақта тағы 75 мың үй 2 ай ішінде тапсырылады.

«Жылдың соңына дейін біз 200 мың үйді тапсырып, бірінші тас қаланғаннан кейін құрлысыты бір жыл ішінде аяқтау туралы уәдемізді орындаймыз. Біздің мақсатымыз – ай сайын 15-20 мың үй мен кенттегі үйлерді заңды иелеріне беру», - деді Режеп Тайип Ердоған.

Еске сала кетсек, 6 ақпанда эпицентрі Түркияның оңтүстік-шығысындағы Қахраманмарашта магнитудасы 7-ден асатын екі жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда да сезілді. Түркия мен Сирияда мыңдаған адам қаза тапты. Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мың адамнан асты.

Серіктес жаңалықтары